Байқау шарттары

4 апта бойы байқауға қатысушыларға күнделікті өмірде маңызды әртүрлі тақырып бойынша қазақ тілінен 12 тест беріледі. Әр тест 8 түрлі күрделі сұрақтан тұрады. Біріншіден сегізінші сұраққа дейін, бұл сұрақтар күрделіленіледі. Сонымен, сұрақ күрделіленген сайын, балл жоғарылайды.

1 сұрақ - 1 балл
2 сұрақ - 2 балл
3 сұрақ - 3 балл
4 сұрақ - 4 балл
5 сұрақ - 5 балл
6 сұрақ - 6 балл
7 сұрақ - 7 балл
8 сұрақ - 8 балл

Конкурсқа қатысушылардың міндеті – 4 апта қортысында ең көп балл жинау (12 тест, 96 сұрақ)

Әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, сағат 14-00 жаңа тесттер жарияланады. Тест қортысында байқау қатысушыларына өз нәтижелерімен бөлісуге ұсыныс жасалынады. Осылай бөлісу арқылы, байқауға қатысушылар өз есебіне бонустық балл жинай алады. Мысалы, бір әлеуметтік желіде өз нәтижесімен бөліскен байқауға қатысушы 2 балл қоса алса, ары қарай екінші әлеуметтік желіде өз нәтижесімен бөліскенде, тағы да 2 балл қоса алады. Бонустық баллдың ең жоғарғысы 4 балл болып табылады. Әлеуметтік желілерді тест қортысынан кейін, тек осы сайтта ұсынылған желілірден ғана таңдауға рұқсат етіледі.

Басқаларынан кейінірек байқауға косылған қатысушылардың конкурсқа қатысуға құқықтары бар. Олардың нәтижелері келесі үлгі бойынша бағаланады:

  1. Байқау басталғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 2015 жылдың 26 қаңтарынан бастап, конкурсқа қосылған қатысушыдан әр өткен тесттің финалдық нәтижесінен 2 балл алынады.
  2. Байқау басталғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 2015 жылдың 2 ақпаннан бастап, конкурсқа қосылған қатысушыдан әр өткен тесттің финалдық нәтижесінен 2 балл алынады.
  3. Байқау басталғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 2015 жылдың 2 ақпаннан бастап, конкурсқа қосылған қатысушыдан әр өткен тесттің финалдық нәтижесінен 2 балл алынады.

Байқауда орындар келесі үлгі бойынша бөлінеді: байқауға қатысушы жиналған баллдарына сәйкес қатысушылар тізімінде өз орнын алады. Саны бірдей балл жинаған қатысушылар бұл тізімде жауап берген уақыты бойынша сараланады. Мысалы, 20 минут ішінде 50 балл жинаған «А» қатысушы, 22 минуттың ішінде тура солай 50 балл жинаған «Б» қатысушыдан бұл тізімде сәл биігірек тұрады.

Байқайға 18 жасқа толған, Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады. «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-інің қызметкерлері байқауға қатыса алмайды.

Барлық сұрақтар бойынша tele2@vlast.kz поштасына жазыңыз.